Мағынасын түсініп үйрен
Формуланың қалай жұмыс істейтінін ұғынып, шешімнің әр қадамын түсінуге назар аударамыз.
EVEREST ONLINE ACADEMY
Математика мен Физиканы тереңдетіп оқытатын онлайн білім беру бағдарламасы.
Тақырыпты түсіну, есеп шығару және білімді қолдану — бір жүйелі оқу бағдарламасында.
Бағдарлама тақырыпты меңгеру, есеп шығару және білімді бекіту қадамдарын байланыстырады.
Формуланың қалай жұмыс істейтінін ұғынып, шешімнің әр қадамын түсінуге назар аударамыз.
Үй тапсырмалары мен деңгейлік есептер арқылы үйренген тәсілдерді қолдануға жаттығамыз.
Математика курсында аптасына екі тікелей сабақ: есеп шығару, сұрақтар және күрделі тақырыптарды талдау.
Үй жұмысын мұғаліммен талдап, қате кеткен қадамдарға қайта ораламыз. Тапсыру тәртібі топқа хабарланады.
Білім саласында 10 жылдық тәжірибесі бар, оқушылары ҰБТ-дан жоғары балл жинап, НИШ, БИЛ, РФМШ мектептеріне грант жеңіп жүрген ұстаздарымыз.
Математика және логика пәні мұғалімі, Everest Online Academy негізін қалаушы
Математикадан видеосабақтар, үй жұмысы және аптасына екі рет тікелей сабақ арқылы дайындық.
Тақырыптарды өзіңе ыңғайлы уақытта оқып, қажет тұсын қайта қара.
Сабақта үйренгеніңді тапсырмалар арқылы бекіт.
Аптасына екі рет мұғаліммен бірге есеп шығарып, сұрақтарыңа жауап ал.
Курсқа қосылар алдында сізге қажет негізгі ақпарат.
Қай жерден бастау керегін бірге анықтаймыз.
Емтиханыңа сай бағдарламамен таныс. Тапсырма үлгісі арқылы оқу тәсілін байқап көр.
Таңдаған курсыңа жазылып, оқуға қосыл. Курсқа қолжетімділікті әкімші бекітеді.
Жеке кабинетіңнен өзіңе ашылған материалдарды көр. Түсінгеніңді есеппен бекіт.
Авторлық тапсырмалар · Әр тестте 5 сұрақ · Оңай деңгей
Бағытты таңдап, байланысыңызды қалдырыңыз. Қабылдау мен сабақ кестесі нақтыланғанда хабарласамыз.
Өтінім қалдыру — курс сатып алу немесе төлем жасау емес.
Айына 30 000 ₸: аптасына екі тікелей сабақ, видеосабақтар, үй тапсырмалары және жеке кабинетке қолжетімділік. Сабақ кестесі топ құрылғанда келісіледі.
Қабылдау мен төлем тәртібі мектеппен келісілгеннен кейін әкімші сізге аккаунт ашып, курсқа қолжетімділік береді. Сайт арқылы автоматты төлем әзірге қосылмаған.
Толық сабақтар мен курс бағдарламасы сол курсқа рұқсаты бар оқушының жеке кабинетінде ашылады. Ашық бетте математика мен физикадан НИШ / БИЛ және ҰБТ бағыттарына арналған оңай деңгейдегі авторлық тесттер бар.
Курсқа рұқсаты бар оқушы жеке кабинеттің «Үй жұмысы» бөлімінде жауабын мәтін немесе файл түрінде жібере алады. Тексеру күйі, баға мен мұғалім пікірі сол жерде көрсетіледі.
Сайтты телефоннан да, компьютерден де ашуға болады. Видеосабақ үшін тұрақты интернет қажет.
Нақты балл немесе грантқа кепілдік берілмейді. Нәтиже бастапқы білімге, тұрақты дайындыққа және тапсырмаларды орындауға байланысты.
Жоспарланған оқу форматы: физика тақырыптары бойынша видеосабақтар, негізгі заңдар мен формулаларды түсіндіру, есеп шығару, үй тапсырмалары және аптасына екі рет тікелей сабақ. Бағдарлама мен сабақ кестесі топқа қабылдау кезінде нақтыланады.
Математикадан ҰБТ-ға жүйелі дайындық: алгебра мен геометрия тақырыптары, видеосабақтар, ҰБТ форматындағы есептер, үй тапсырмалары және аптасына екі рет тікелей сабақ. Оқу барысында күрделі сұрақтар мен жиі жіберілетін қателер талданады. Нақты оқу жоспары қабылдау кезінде келісіледі.
Балаңыздың математикалық негізін бекітіп, мәтіндік есептерді, логикалық тапсырмаларды және заңдылықтарды түсініп шешуіне көмектесеміз. Жоспарланған бағдарламада видеосабақтар, үй жұмысы және мұғаліммен тікелей сабақтар бар. Оқу мазмұны балаңыздың сыныбы мен таңдаған мектебіне қарай бейімделеді. Кесте, топтағы оқушы саны және кері байланыс тәртібі курс басталғанға дейін сізге хабарланады.
Бағытыңды таңда, курсқа жазыл, сабаққа кіріс.